#Астана
БАРЛЫҚ БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ

Қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастырып, кемел ұрпақ тәрбиелеуді мақсат еткен «Сенімен Болашақ» қоғамдық бірлестігі ерекше мұқтаждығы бар балаларды да назардан тыс қалдырмайды.  

Бүгін бірлестіктің бас ғимаратында «Мама Про» қоғамдық қорының басшысы Асия Тикеева, «Самал» оңалту орталығы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Зинаида Багненко және қоғам қайраткері, педагог-тренер Ләззат Асқарова қонақта болды.

Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен  азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «Ерекше балалары бар отбасыларды әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау» жобасы аясында бірлесіп жұмыс жасау.

14.04.2022
#Астана
БАРЛЫҚ БАЛА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ