#Қызылорда
ӨҢІРДЕГІ ЖАС ЖАНАШЫРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Қызылордада 17 қараша – Халықаралық студенттер күні мерекесі аясында М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Студенттік өмір, қызықты көңіл» атты құттықтау кешіне «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы  қадірлі қонақ ретінде қатысты.

Кеш барысында филиал басшысы Шәкизат Қаратайұлы сөз сөйлеп, саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыс жасап келе жатқан бірлестіктің құрылу тарихынан бастап, осы күнге дейінгі атқарылған іс-шаралар, семинар-тренингтер, жұмыстар мен жобалар, т.б. туралы ақпараттар берілді.

Және білім алушыларға сәттілік тілеп, өңірдегі қоғамдық жұмыстарға ат салысып жүрген белсенді суденттерді марапаттап, жастарды қоғамда ой айтуға емес, ой оятуға шақырды.

24.11.2023
#Қызылорда
ӨҢІРДЕГІ ЖАС ЖАНАШЫРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ