#Қызылорда
КЕЛЕЛІ КЕҢЕСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әкелер Одағы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты облыстық әкелер кеңесінің жиыны болып өтті. 

Онда әкелер институтын дамыту, отбасылық құндылықтар және өскелең ұрпақты тәрбиелеу бағытында жаңа тәсілдерді енгізу мен қалыптастыру, оны кеңінен насихаттау мәселесі қаралды. 

Жиынға арнайы шақырумен қатысқан «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы бүгінгі қоғамда көптеген келеңсіз оқиғалардың белең алып отырғандығын тілге тиек етіп, осы орайда бірлестік тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды жеткізді. 

Сонымен қатар ұлт болашағын тәрбиелуде әкелер кеңесі мүшелерін бірлесіп, белсенді жұмыс жасауға шақырды.

28.11.2023
#Қызылорда
КЕЛЕЛІ КЕҢЕСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ