Отбасыларды қолдау біріңғай орталығында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Қарағанды облыстық комиссияның отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасының орынбасары Айжан Қиясова, хатшы Ғайни Карисова, комиссия мүшелері, құзырлы мемлекеттік органдардың және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Айжан Казимирқызы күн тәртібімен таныстырып, комиссияның мүшесі, «Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиал басшысына сөз ұсынды.
Индира Жанұзаққызы өз баяндамасында бірлестік қолдауымен өңірде филиал ұйымдастырған ауқымды жұмыстарға тоқталды.
- Бірлестігіміз тәрбие жұмысын жақсартуға бағытталған шараларды күшейтуді жалғастырады. Бұл салада көптеген проблемалар жинақталғаны жасырын емес. Соңғы уақытта оқу орындарында қорқыту, зорлық-зомбылық, агрессия фактілері жиілеп кетті. Мұндай жағдайлар тіпті камераға түсіріліп, әлеуметтік желілерге таратылады. Бұл белгілі бір сәнге айналып, балалардың қатыгездігі кейде барлық шекарадан асуда. Бұндай жағдайда міндет пен кінәны білім ұйымдарына артып қою әсте қате түсінік.
Мектеп, ата-ана, өскелең ұрпақ ынтымақтастықта, өзара эмпатияда болып, оны қорғау, жеке басы құқығының аяққа тапталмауы да ата-анаға жауапкершілік артады. Осы мақсатта былтырдан бері көптеген шара ұйымдастырдық. Атап айтсақ, «Әкелер форумы», «Ауыл-Алаш айнасы», «Балам тұлға болсын десеңіз», «Мен сенің өміріңнің жалғасымын», «Мен елімнің ертеңімін», «Қауіпсіз орта – отбасы тұрақтылығының кепілі», «Баланы қорғау – баршаға парыз» атты тағы да басқа ата-аналар мен оқушыларға, жастарға арналған шаралар кешені.
Аймағымыздың қала, аудандарында, ауылдарда ата-аналармен кездесу диалог алаңдарындағы кері байланыс өте жақсы екенін атап өткім келеді. Отбасыларды қолдау біріңғай орталығымен арадағы тығыз жұмыс арқасында жастар алаңдарында өткен шараларды да атап өткім келеді. Сондай-ақ, аймағымызда өткен әлеуметтік сауалнама арқылы біз басты назарды неге аударуымыз керек, қандай мәселеге басымдылық жасау керегін айқындадық. Мысалы, әкелердің баламен қарым-қатынасы, баламен ашық сөйлесу, оның қоршаған ортасымен таныс болу, уақытты бірге тиімді өткізу сияқты дағдыларға көңіл бөлу керектігі ерекше маңызды. Осы бағытта жұмысты күшейту жоспарланып отыр. Бүгінгі күні арнайы жопар құрылып, соның аясында жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Индира Жанұзаққызы.
Филиал басшысы Қарағанды облысының аудандары мен қалаларында ата аналарға, арнайы әкелерге арналған кешенді шараларды өткізуді ұсынды. Биылғы жылдың қазан айында Нұра, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында ата-аналармен кездесу және қараша айында қаламызда облыстық «Әкелер форумы» өткізсе. Бұл алаңдарда спикерлікке арнайы ғалымдар, психологтар, қоғам қайраткерлері, медиаторлар, медицина, заң саласының өкілдері және жетістікке жеткен тұлғалар қатысатынын айтты.
- «Сенімен болашақ» Қарағанды филиалының арнайы сарапшылар кеңесінің бұған әлеуеті жетеді, сарапшыларымызды спикер ретінде облыс тұрғындары тарпынан өте жақсы қабылдап жатыр. Мұндай шаралар аймағымызға қажет екенін былтырғы жылғы өткен «Әкелер форумы» дәлелдеді. Ауа райының күрт бұзылуына қарамастан шалғай ауылдардан, аудандардан келген әкелер саны төрт жүзге жуық болды, - деді.
Бұдан бөлек сөйлеген спикерлер де әртүрлі маңызды бағыттарды талқылап, жобаларын ұсынды.
Айтылған баяндамалар мен пікірлерді ескере отырып, отырысқа қатысушылар отбасы саясатын нығайту бойынша, қолдау білдіріп, өңірлік деңгейлерде қабылданатын шараларды жетілдіруде ұсынысты енгізетінін жеткізді.