#Алматы
БАЛА- БОЛАШАҒЫМЫЗ

Саналы  ата-ана бола білу аса жауапты іс. Бала табиғатын тану, оны түсіну, жөнімен еркелету,  оның бойындағы қабілетін дамыту – ұрпағының ертеңі үшін алаңдайтын парасатты ата-ананың игілікті әрекеті.  Сондықтан әр ата-ана балаға тәрбие берумен қатар сол берілген тәрбиенің ұрпақ болашағы үшін маңызды екенін ескерген жөн. Осы жөнінде ой айтылып,  пікір қозғалған басқосу Алматы облысына қарасты Қарасай ауданындағы Береке орта мектебінде өтті. Бала бойындағы құндылықтың басты нәрі ата-анадан  қандай жолмен егілетіні жан-жақты түсіндірілді.  Бірлестік өкілдерімен бірге барған жанашыр ата-ана Сәнел Қадірбек өзінің кейсін айтып,  бала тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісті.  Кері байланыс кезінде сөз алған ата-аналар өзінен бастау керектігіне толық келісіп,  бірлестіктің бір маманы ата-аналар комитетіне қосылып,  бірлесе жұмыс жасаса деген ұсыныстарын білдірді.

05.04.2023
#Алматы
БАЛА- БОЛАШАҒЫМЫЗ