#Астана
ГҮЛНӘР ОМАРОВА ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның алғашқы отырысы болып өтті.
Отырысқа «Сенімен Болашақ» РҚБ төрағасының кеңесшісі Гүлнәр Мансұрқызы Омарова ұлттық комиссияның мүшесі ретінде қатысып, бірлестіктің миссиясымен таныстырды. Ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева бірлестіктің «Асыл мұра» сериясы бойынша жарық көрген еңбектерімен танысты. Өз кезегінде, Аида Ғалымқызы бірлестіктің атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға беріп, халық үшін пайдасы мол кітаптардың қайта жарыққа шығып жатқанын құптайтынын айтты.
26.05.2022
#Астана
Поделиться