#Алматы
ӘКЕНІҢ ҚАС-ҚАБАҒЫ – БАЛАНЫҢ БАС САБАҒЫ

Дәстүрлі отбасылық тәрбиені өз бағытына салып,  заман ағымына сай бейімдеп, жаңарту  жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан «Сенімен болашақ» РҚБ әкелердің рөлін арттыру бағытын да мықтап қолға алды десек артық айтқандығымыз емес. Осы бағытта бірлестіктің әр филиалы өткізіп жатқан іс-шаралар сөзімізге дәлел бола алады. Сондай басқосудың бірін Алматы филиалы да ұйымдастырды. Алмалы ауданына қарасты №147 гимназияда өткен іс-шараға 100-ге жуық әке жиналып, «Әке -  отбасының діңгегі» тақырыбындағы семинарды тыңдады. Арнайы шақырылған спикер Иса Біләлұлы тақырыпқа толыққанды тоқталып, отағасы отбасының негізгі табыс көзі болса да ақшаға сатып ала алмайтын құндылықтардың да бар екенін, бала тәрбиесіне салғырт қарамауларын айтып өтті.  Әкелердің тектілікке негізделген тәрбиесін көріп өскен бала болашақта кездескен қиындықтарға сынбай, өз орнын адаспай табатындығына мысалдар келтірді. Әкелер де пікірлерін ашық айтып, әкенің отбасындағы, қоғамдағы беделін арттыруды мақсат еткен мұндай іс-шараларды ұйымдастырушы бірлестік жұмысына сәттілік тіледі.

09.01.2023
#Алматы
ӘКЕНІҢ ҚАС-ҚАБАҒЫ – БАЛАНЫҢ БАС САБАҒЫ