#Алматы
ЕС ТҮЗЕЛМЕЙ, ЕЛ ТҮЗЕЛМЕЙДІ

Бірқатар ата-аналардың бала тәрбиесі жөнінде жалпы түсініктері болғанымен, бірақ қандай тәсілмен тәрбиелеу жөнінде нақты білімдері аз.   Сондықтан да отбасында кейде балаларға не шектен тыс қатаң талап қойылады, не ол талап мүлдем бос болатынын кездестіруге болады.  Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында "Сенімен Болашақ"  РҚБ Алматы қалалық филиалы Медеу ауданындағы #33 мектеп-лицейде  балабақшалардың ата-аналары арналған тренинг өткізді. Филиал психологы Шынар Сағынышқызы түске дейін тренингті қазақ тілінде өткізсе, түстен кейін филиал басшысы Бақытбек Бостандықұлы орыс тілінде жүргізді. Тренерлер ата-ана баланың айнасы екенін,  балаларға тәрбие беруде өте зерек болу керектігін слайд арқылы түсіндірді.  Интерактивті ойындар ойнатылып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Осындай іс-шара #105 гимназияда да өтіп,  қатысушылардың көңілінен шықты. 

04.06.2022
#Алматы
ЕС ТҮЗЕЛМЕЙ, ЕЛ ТҮЗЕЛМЕЙДІ