#Қарағанды
ЕРЛІГІ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Қарағанды облыстық филиалы «Қоғамдық келісім» ұйымы ұйымдастырған «Өткенге тағзым» атты Ауған соғысы ардагерлерімен өткен арнайы кездесуге шақырылып, алаңда спикер ретінде қатысты.

Кездесу еркін форматта әсерлі өтті. Өмір сүре білудің қадірін бір білсе, бейбіт күнде соғыс отын көріп келген осы батыр азаматтар біледі. Сондықтан олар достықты, туыстықты, денсаулықты – жалпы тірліктің мәнін жоғары қояды екен. Байқап отырсақ, олардың әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Спикер Индира Жанұзаққызы кездесуде жиналған аға буын, орта жас өкілдеріне алғыс білдіріп, өскелең ұрпаққа ұлттың ұлт болып ұйысуы - ең алдымен тәуелсіздікті, келісім мен тұрақтылықты сақтау екенін атап өтті. «Сенімен болашақ» миссиясы саналы ұрпақ тәрбиелеу екенін ескерсек, бұл кездесудің маңызы мен осындай алаңда бірлестік мақсатын түсіндіруге мүмкіндік зор.

Сондай ақ, бірлестік сарапшысы Күліш Төлеуханова бастаған «Ақ ниет» ансамблі Абай әндерін әуелете шырқады. Ардагер-жауынгерлер өз кезегінде алғыс айтып, елімізге даму мен өркендеу тіледі.

07.02.2023
#Қарағанды
ЕРЛІГІ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ