#Алматы
БАЛАНЫ ЕМЕС АТА-АНАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК

«Сенімен Болашақ» РҚБ өз тұғырнамасын Алматы облысы жұртшылығына таныстыруды  жүйелі жалғастыруда.  Бүгін бірлестіктің журналисі Меруерт Мәулетқызы Алматының іргесінде орын тепкен Талғар қаласына барып, №7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілерімен кездесті. «Саналы ата-ана – саналы ұрпақ кепілі» тақырыбында өткен кездесуде бірлестіктің мақсат-міндетін, атқарған жобалары мен іс-шараларын таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Ата-ана баланың бойына алғашқы негіздерді қалыптастыра отырып елдің де болашағын тәрбиелейтіндігін айта келіп, осы жолда ауқымды жұмыстар атқарып жатқан бірлестікпен бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Балабақша әдіскері М.Сағындықова бірлестік ұстанымын қолдайтынын айтып: «Бүгінде баламен емес ата-анамен жұмыс істеу қиындап кетті. Баланы қабылдарда ата-анасы қандай екен дейтін деңгейге жеттік. Яғни баланы емес ата-ана тәрбиелеу керек. Осындай мақсатты ұстанған бірлестіктің ашылып, жұмыс жасап жатқанына қуаныштымын. Алдағы уақытта бірнеше балабақша ата-аналарын жинап, ауқымды семинар-тренинтер ұйымдастыруға ықпақ етеміз. Сондай іс-шаралардан кейін әр ата-ана баланың тұлға болып қалыптасуына ата-анасының сөздері немесе  күнделікті ескертпелері емес, олардың шынайы іс-әрекеттері мен мінездері әсер ететіндігін түсінетін болар», - деп ойын ортаға салды.

21.06.2022
#Алматы
БАЛАНЫ ЕМЕС АТА-АНАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК