#Алматы
ЖАСТАРҒА СЕНІМ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМ

Жастар - қай елдің болмасын асқақ арманы мен үміті, ары мен өр намысының символы болған. Олар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барынша үлес қосуы үшін олармен тығыз байланыста болып, тұлғалық дамуына қолдау көрсету – өзекті мәселенің бірі.
Сондықтан да «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің негізгі мақсаттарының бірі жастардың тәрбиесіне бағытталып отыр. Осы негізде Бірлестіктің Алматы филиалы Қонаев атындағы колледжге барып, студент-жастармен кездесіп қайтты. Филиал өкілдерінен бөлек кездесуге Бірлестігіміздің сараптама кеңесінің мүшесінің бірі, тарих ғылымдарының кандидаты Мирхат Мұратұлы арнайы қатысып, ұлттық идеология төңірегінде әңгіме қозғады. Студенттердің рухын ояту үшін тарихтан мысалдар келтіре отырып, мазмұнды лекция оқыды. Егемен елдің жарқын болашағын жасау жастардың қолында болғандықтан оларды білімді, тәрбиелі болуға шақырды. Сонымен қатар Филиал психологы Қ.Қуатқызы жастар арасында кездесіп жатқан үлкен мәселенің бірі – буллингтің келтіретін зардабы жайлы кеңінен тоқталды. Студенттерге сұрақ қойып, олардың жауаптарынан қорытынды шығара отырып шешімін табудың жолын іздеді. Жиын соңында колледж психологы Салтанат Мадемарова жастар тәрбиесіне жанашырлық танытып жүрген бірлестік өкілдеріне алғысын айтып, мұндай жиындарды бірлескен түрде жиі өткізсек деген ұсынысын білдірді.

03.02.2023
#Алматы
ЖАСТАРҒА СЕНІМ – БОЛАШАҚҚА СЕНІМ