#Павлодар
САРБАЗ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚОРҒАНЫ

Павлодар облыстық филиалы Қоғамдақ ақпарат және келісім департаменті мен облыстық аналар кеңесінің шақыруымен сарбаздармен кездесу өтті. Шараға қалалық «6679», «5512» әскери бөлімдердің сарбаздары қатысты.

Кездесуде филиал басшысы Хызыр Жанарыс бүгінгі әскери тәртіп, сарбаздар арасындағы әлімжеттік, баланы отанын сүйуге тәрбиелеу, ұлттық рух туралы сөз қозғады. «Сарбаздар халықтың қорғаны болуы қажет. Әскери қызмет елін сүйуден басталмаса, бос уақыт өткізгенмен тең», - деді филиал басшысы.

31.01.2023
#Павлодар
САРБАЗ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚОРҒАНЫ