#Қызылорда
ЕРЕКШЕ БАЛА ТӘРБИЕЛЕП ОТЫРҒАН АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР ӨТУДЕ
«Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған семинар-тренингтер ұйымдастырылуда.
Жалағаш ауданының ата-аналарына «Отбасы құндылықтарының маңыздылығын арттыру», «Ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың эмоционалды жануының алдын алу» тақырыптарында оқытулар жүргізілді. Жалпы оқытуға 30-дан аса ата-ана қатысты. Оқытуды бірлестіктің психологы Сымбат Абдрахманова жүргізді.
Оқытулар Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен жүргізілуде.
03.07.2023
#Қызылорда
Поделиться
