#Қостанай
СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГ
Қостанай облыстық филиалы ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің психологиялық қызметімен бірлесіп студенттерге «Буллингтің алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Филиал психологы студенттерге буллингтің негізгі механизмдері мен түрлері туралы баяндады. Базаркүл Қапарқызы қазір буллингтің физикалық түріне қарағанда психологиялық шабуылы көбірек байқалатынын атап өттіп, түсініспеушіліктің салары және оның алдын алу жолдарын түсіндіріп берді. Студенттермен бірге ашық диалог орнатып, толғандыратын сұрақтарына жауап берді.
Әрбір ата-ана баламен ашық әңгімелесу қажет. Сонымен бірге жасөспірім агрессивті болып кетпес үшін айналасына сүйіспеншілікпен қарауды үйрету қажет.
17.09.2023
#Қостанай
Поделиться
Ұсынамыз