#Тағайындау
«Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы болып Шәкизат Қаратайұлы тағайындалды

Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы болып Шәкизат Қаратайұлы тағайындалды.

Бұған дейін Шәкизат Қаратайұлы облыстық Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығының басшысы қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2017 жылы «Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып бастаған, кейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер Кәсіподақ комитетінің төрағасы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы және жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы болған.

Нәтижелі еңбегінің арқасында Шәкизат Қаратайұлы «Самғау» жастар сыйлығы мен «Үздік жас педагог» медалінің иегері. Екі мәрте Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.А.Баймановтың «Алғыс хатымен» т.б. марапатталған.

«Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Шәкизат Қаратайұлына бірлестік миссиясын жүзеге асыруда зор үлес қосады деп сенім білдіреді.

03.05.2023
#Тағайындау
«Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы болып Шәкизат Қаратайұлы тағайындалды