#Тағайындау
Шерхан Арапбай «Сенімен Болашақ» РҚБ атқарушы директоры болып тағайындалды

Шерхан Арапбай «Сенімен Болашақ» РҚБ атқарушы директоры болып тағайындалды.

Бұған дейін Шерхан Жұмабекұлы «Сенімен Болашақ» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының басшысы болып қызмет атқарды.

Әр жылдары дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ұстаз, кәсіби бағдаршы, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Сәулет-құрылыс факультетінің хатшысы, Балалар өнер мектебінің және Жас дарын мамандандырылған мектебінің мұғалімі қызметтерін абыроймен атқарған Шерхан Жұмабекұлы бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының басшысы болған кезде де іскерлігін, тиянақтылығын көрсете білді.

Жаңа қызметте де Шерхан Жұмабекұлы біліктілігімен, білімділігімен, жаңашылдығымен ерекшелене біледі деп сенім артамыз.
 

10.05.2023
#Тағайындау
Шерхан Арапбай «Сенімен Болашақ» РҚБ атқарушы директоры болып тағайындалды