#Қызылорда
ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ-СЕМИНАРЫ

Бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен 2-3 қараша күндері аралығында Жастардың психикалық денсаулығы және суицидтің алдын алу тақырыбындағы  мектеп психолог мамандарына арналған оқыту-семинары өтті.

Семинар барысында қатысушыларға саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, бала психологиясы, психологиялық-педагогикалық дағдылар, суицидтің алдын алу туралы ақпараттар беріліп, тақырыптық топтық және жұптық тапсырмалар орындалды.

Қатысушылар семинарға белсенді қатысып отырды. Әр тәжірибе сайын өздерінің пікірлерін ортаға салып, өздерінің балаларының бойында болып жатқан құбылыстар жайлы кеңестер сұрады. Әрбір қатысушы баламен қарым-қатынастың үлкен рөлге ие екенін, олармен әркез дұрыс байланыс орнату қажет екенін ұғынды.

​«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің психологы Сыбат Нұртазақызы оқытуда қатысушыларға бірлестік туралы толық ақпарат беріп, алдағы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырып, бірлестіктің мақсаты мен міндетін айтып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

04.11.2023
#Қызылорда
ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ-СЕМИНАРЫ