Қостанай ауданының Алтынсарин жалпы білім беретін мектебінің 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған семинар өтті.
Филиал басшысы Гүлжан Жақсылыққызы қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтарын, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін арттырудың маңызына тоқталды.
«Тәрбиесі – ұлт болашағының кепілі. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер сияқты адами құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ», - деді Гүлжан Жақсылыққызы.
Семинар барысында бірлестік психологы Базаркүл Қапарқызы ата-аналарға «Баланың даму ерекшеліктері» тақырыбында тренинг жүргізді. Психолог ата-аналармен бірге ашық диалог орнатып, толғандыратын сұрақтарына жауап берді.