#Солтүстік Қазақстан
ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕДЕ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ БАСЫМ

Петропавл қаласының «Балауса», «Батыр», «Гуливер»  балабақшаларында «Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы» атты ата-аналарға арналған семинар өтті.

Бірлестіктің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Жанат Мұхамеджанов бірлестіктің мақсатымен таныстырып, осы жылы атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат берді. Филиал психологы Жазира Баукенова ата-аналарға балалар психологиясының ерекшеліктері туралы баяндама жасап, жиын соңында тренинг өткізді.

«Отбасы» ұғымына сипаттама беріңіз?», «Отбасының негізгі міндеттерін қандай, сипаттама беріңіз?», «Отбасылық қатынастің негізі неде?», «Отбасының ең маңызды құндылықтары қандай?» – деген сұрақтарды қою арқылы ата-аналармен диалог орнатты.

Берілген сұрақтарға жауап бере отырып, қатысушылар отбасылық қарым-қатынастың әке мен ана арасындағы сүйіспеншілік пен жауапкершілігіне, ұл мен қыз баланың перзенттік борышына негізделгендігін түсінді. Отбасының негізгі құндылықтарын, адамгершілік, сүйіспеншілік, ұжымшылдық пен еңбекке адалдық көзқарасты қалыптастыру мәселесін отбасында талдап, осы бағытта жүргізілетін іс-шаралар жүйелі болып отырса, тәрбиенің тиімділігі артатыны сөзсіз. Отбасының идеялық құндылықтары отбасылық дәстүрлерден көрініп отырады. Отбасындағы тәрбиеде ата-ананың рөлі басым. Сондықтан ата-ананың бала тәрбиесіндегі сауаттылығы маңызды.

Психологқа ата-аналар өздерін толғандырған бірнеше сұрақтар қойып, тұщымды жауап алды.

03.11.2023
#Солтүстік Қазақстан
ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘРБИЕДЕ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ БАСЫМ