#Қостанай
БАЛА ТӘРБИЕСІ – МЕМЛЕКЕТТІК АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Қостанай  ауданының Заречный жалпы білім беретін мектебінің ата-аналарына  семинар ұйымдастырылды. «Бала тәрбиесі, үштік одақ: ата-ана, оқушы, мектеп» тақырыбында  өткен шараға филиал басшысы Гүлжан Алпысбаева қатысты.

Өз кезегінде Гүлжан Жақсылыққызы бірлестік миссиясына қысқаша тоқталып, бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті екенін атап өтті.

- Тал бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы – ата-ана мен мектеп.   Әл Фараби бабамыз ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды деген екен.  Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады, - деді филиал басшысы. 

Аудан тұрғындары қазір отбасы ынтымағын арттыруға арналған осындай шаралар қажет екенін айтты.

17.09.2023
#Қостанай
БАЛА ТӘРБИЕСІ – МЕМЛЕКЕТТІК АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ