#Астана
ЛУДОМАНИЯ МЕН ИГРОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНДЫ

«Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жансая Бердімұратқызы «Нашақорлық, құмар ойындар, буллингпен күресу және алдын алу» бойынша кешенді жоспар әзірлеу барысында Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысының коммиссиясы ретінде қатысты. 

Өз кезегінде Жансая Бердімұратқызы бірлестік қоғамда тәрбие саласында кездесетін мәселелер тізбегін 10 тақырыптық бағытқа жіктеп, профилактикалық жұмыс жоспарын құрғанын атап өтті. Соның бір тармаға «Лудомания және Игроманияның алдын алу» болып табылады. Аталған мәселелер бойынша  әлеуметтік зеріттеулер жүргізілді. Нәтижесінде лудомания мен игроманияға көбіне 10-11 жастағы оқушылар, студенттер, ересектер отбасы құру және жұмысқа орналасу уақытында ұшырайтыны айқындалды.

Бұл дерттің құрығына ілінетіндердің басым көпшілігіне ата-анасы бала кезінде тиісті дағдыларды қалыптастырмау себеп. Олар: балаға ойын үлгілерінің салауатты үлгісін көрсетпеуі, баладағы цифрлық білім мен дағдыны дұрыс қалыптастырмауы, баланың қаржылық білімі жөнінде дағды қалыптастырмауы болып табылады.

Жансая Бердімұратқызы қоғамдығы осындай күрмеулі мәселенің шешімін табу үшін бірлестік тарапынан 10 күндік профилактикалық оқыту курстарын өткізуді ұсынды.

20.09.2023
#Астана
ЛУДОМАНИЯ МЕН ИГРОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫН ҰСЫНДЫ