#Қостанай
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Бірлестіктің Қостанай облыстық филиалы Қостанай ауданындағы Алтынсарин мектебіндегі семинар 8-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жалғасын тапты.
Семинар барысында филиал басшысы Гүлжан Жақсылыққызы отбасылық құндылықтар, отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы туралы сөз қозғады. Филиал психологы Базаркүл Қапарқызы ата-аналарға «Баланың даму ерекшеліктері» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында ата-аналарға жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен олармен дұрыс қарым-қатынас орнату жолдары жөнінде түсінік берілді.
08.10.2023
#Қостанай
Поделиться
Ұсынамыз