#Қызылорда
ХІ ОБЛЫСТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

«Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы «Азаматтық қоғам және мәдениет: Қазақстанның жаңаруы бағытындағы құндылықтар мен басым бағыттар» атты XI Азаматтық форумына қатысты.

Форумның пленарлық жиынына облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы қатысып, өңірдегі ауқымды жобалар мен үкіметтік емес ұйымдардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын атап өтті.

Сонымен қатар Қызылорда облысы мен барлық аудандардан, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан 100-ден астам үкіметтік емес үйымдар қатысып, «үшінші сектордың» тұрақты институционалдық дамуындағы өзекті мәселелерін ортаға салды.

Форумның түстен кейінгі уақытта өткен секциялық жұмыстары барысында филиал басшысы Шәкизат Қаратайұлы бірлестік туралы ақпараттармен бөлісіп, қоғамдағы мақсат, міндеттерін айтып өтті.

Форум аясында қатысушылар арасында пікір алмасу болып, билік, бизнес және қоғам арасындағы байланысты нығайту жөнінде ойлар мен мәселелер талқыланды. Форум делегаттары өзара тәжірибе алмасып, әлеуметтік әріптестік беки түсті.

03.10.2023
#Қызылорда
ХІ ОБЛЫСТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ