#Қарағанды
«САРЫАРҚА САҢЛАҒЫ – СӘКЕН» БІЛІМ МАРАФОНЫ

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды гимназиясында «Сарыарқа саңлағы – Сәкен» атты білім марафоны өтті. Шараға ардагер ұстаздар, қоғам қайраткерлері, аудандар мен қала мектептерінің ұстаздары қатысты.

Білім ұжымы Сәкеннің шығармаларын насихаттап, оның құндылықтарға толып тұрған идеясын дәріптеді. Алаш Арыстарының ізін жалғаған оқушылар «Сәкеннің соңғы хаты» драмалық қойылымын көрсетті. Жыл бойы жалғасатын марафон  білім беру мекемелерінде челлендждер, шығармашылық кештер, пікірталастар мен конкурстарды қамтиды.

«Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының өкілдері гимназияға құрметті қонақ ретінде шақырылып, кітапхана секциясы жұмысында бірлестік мақсатын, білім ошақтарындағы құндылықтарға негізделген тәрбиедегі бірлестіктің жоспарын ұсынды. Өткен оқу жылында филиал бастамасымен гимназия ішінде «Аналар клубы» құрылып, оған филиал басшысы Индира Жанұзаққызы жетекшілік етеді.

Қараша айында мектеп кітапханасында филиалмен бірлескен «Сәкен және ұлт мүддесі» атты дөңгелек стол өткізу жоспарланды.

 

20.10.2023
#Қарағанды
«САРЫАРҚА САҢЛАҒЫ – СӘКЕН» БІЛІМ МАРАФОНЫ