#Қызылорда
ОЙЫНҒА ОЙСЫЗ ҚҰМАР ЖАСТАРДЫҢ САНЫ АРТЫП БАРАДЫ

«Жастар рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар арасыдағы буллинг, интернет кеңістіктен тыс жағдайда өзін-өзі ұстау» атты оқыту семинарын өткізді.

Семинарда филиал психологы Жұмакүл Тасболатқызы спикер, әрі сарапшы ретінде қатысып, студенттерге тұлғалық дамудың маңыздылығы мен булиингтің зардабын жөнінде айтып берді. Сонымен қатар жастар мен жасөспірімдер арасында тәуелділіктің химиялық емес түрі лудомания, ойынқұмарлық мәселелері туралы, тәуелділік, оның түп тамыры анамен эмоционалды байланыста екенін, жақындық немесе шектен тыс суықтықтың, созылмалы стресстің, мысалы кейінгі кездерде балалар арасында орын алып жүрген созылмалы буллингтің салдары кейін қоғамда лудоман адамды қалыптастыратынын айтты.

Бұдан кейін сала мамандары арнайы сөз сөйлеп, өңірде тәжірибелерінде кездесіп отырған мәселелері, атқарған жұмыстары  жөніндегі ақпараттармен бөлісті.

 

10.10.2023
#Қызылорда
ОЙЫНҒА ОЙСЫЗ ҚҰМАР ЖАСТАРДЫҢ САНЫ АРТЫП БАРАДЫ