Бірлестік қызметкерлері Астана қаласындағы «Дарын» мамандырылған лицей оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу «Ар-ұят, ұлттық мүдде, әдеп» тақырыбына арналды.
Оқушылар спикерлерді ұлттық аспаппен күй орындап қарсы алды. Шара барысында «Сенімен Болашақ» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының басшысы Индира Жанұзаққызы оқушыларға тұлғалық болмыс, ынтымақтастық пен сыйластықтың маңыздылығы жөнінде өз өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ал бірлестіктің Астана қалалық филиалының басшысы Шерхан Жұмабекұлы «ар-ұят, әдеп» тізбегін лозунг ретінде емес құрал етіп қолдану керек екенін айтты. Тұлға болып қалыптасу үшін құндылықты құрал етіп қолданатын қажетті лайфхақтар ұсынды.
Кездесу соңында спикерлер оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, бірлестіктің атынан күнделік сыйға тартты.
«Сенімен Болашақ» РҚБ баспасөз қызметі