#Солтүстік Қазақстан
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Петропавл қаласының «Болашақ» балабақшасында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты ата-аналарға арналған семинар өтті.

Филилал психологы Жазира Баукенова «Сенімен Болашақ» РҚБ мақсатымен таныстырып, осы жылы атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат берді, және де ата-аналарға балалар психологиясының ерекшеліктері туралы баяндама жасап, жиын соңында тренинг өткізді.  

 Балабақшада бала көп нәрсені үйренеді. Ақыл – ой жағынан да, дене дамуы жағынан да, жетіліп, эмоциялары мен сезімдері дамиды. Баланың психологиялық жетілуін айтқан Жазира Баукенова әр ата-ана балаңызға сүйіспеншілігі бен уақытын арнау қажет екенін айтты.

 Психологқа ата-аналар тарапынан өздерінің толғандыратын бірнеше сұрақтар қойылды.  

26.10.2023
#Солтүстік Қазақстан
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР