Баланың маңайындағы адамдар балаға жақсы мысал. Бала еліктегіш, маңайындағы адамдардың, әсіресе ата-анасының мінезіне салып алады. Бала жүргенде, сѳйлегенде ата-анасындай болуға тырысады. Ата-ана қатал болса, бала да қатал; ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ. Сондықтан баланың маңайындағы адам дұрыс мінезді болу керек.
Петропавл қаласының «Арман», «Ақ көгершін» балабақшаларында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты ата-аналарға арналған семинар өтті.
Семинарда филилал басшысы Жанат Мұхамеджанов отбасындағы құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі және олардың қиялын дамыту туралы әңгімелесіп, бірлестіктің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарған жұмыстарымен таныстырды. Психолог Жазира Баукенова ата-аналарға балалар психологиясының ерекшеліктері туралы баяндама жасап, жиын соңында тренинг өткізді.