«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Ақ қайың» және «Алпамыс» балабақшаларында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» атты ата-аналарға арналған семинар өткізді.
Филилал басшысы Жанат Мұхамеджанов отбасындағы құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі, қоғамдағы бүгінгі отбасындағы ахуал туралы баяндап, осы түйіткілді мәселелерді шешу жолында «Сенімен Болашақтің» СҚО филиалының мақсатымен таныстырып, осы жылы атқарып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат берді.
Психолог Жазира Алтайқызы ата-аналарға балалар психологиясының ерекшеліктері туралы баяндама жасап, онда мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары мен темперамент типінің ерекшелігі туралы ақпарат берді.
Балабақша психологы балардың отбасы туралы салған суреттеріне тоқталып, талдау жүргізді.