#Жамбыл
Тарихы терең Тараз шаһарынан филиал ашылды
Қымбатты достар, құттықтауларыңызға болады!
«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Тараз қаласындағы филиалы ашылды. Филиал «Арай плаза» бизнес-орталығының бесінші қабатынан орын алды.
Балаға парасатты тәрбие беру - ата-ана үшін ең ұлағатты парыз. Мағжан Жұмабаев: «Жас бала – жас шыбық. Оны жас күнінде қалай иіп тастасаң, солай өседі», - дейді. Балам саналы да тәрбиелі болсын деп ұрпағымыз үшін алаңдасақ, ең әуелі тәлім-тәрбиеге терең мән бергеніміз жөн.
Қымбатты Тараз шаһарының тұрғындары, бала тәрбиесіне қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Сіздер үшін есігіміз әрдайым ашық! Біз қол ұшын беруге дайынбыз!
02.12.2021
#Жамбыл
Поделиться
Ұсынамыз