#Павлодар
ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ақсу қаласында орналасқан №1 қазақ орта мектебінің мұғалімдерімен кездесу өтті.

Мұғалім ұрпақ жолында адал, мейірімді, кішіпейіл, шын ықыласпен қызмет етудің озық үлгісін көрсету керек. Бүгінгі мұғалімді айшықтайтын негізгі сапалардың бірі – психологиялық білімінің тереңдігі. Ұстаз оқушыларға сабақ бере отырып, оның психологиялық жай-күйін аңғаруы маңызды. Кездесу барсында осы мәселе төңірегінде сөз қозғалды.

Шараға «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалының директоры Хызыр Жанарыс,  Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Шерхан Жұмабекұлы, Ақсу қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Зубайра Айдарова, Ақсу қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Айжан Касенова қатысып, ұстаздармен кәсіби біліктіліктерімен бөлісті.

21.02.2022
#Павлодар
ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ