#Павлодар
«БІР ӘКЕНІҢ ТӘРБИЕСІН 100 МЕКТЕП БЕРЕ АЛМАЙДЫ»

Қазақ бала бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді байқап жатса, ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді. Сондықтан әкенің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала, әке аманатына қиянат жасамауға тырысады.  
Еразаматтардың бала тәрбиесіндегі рөлін аттыру үшін әкелер кеңесін құрудың маңызы зор. Ол әкенің бала тербиесіндегі рөлін нығайтумен бірге, ата-аналардың мектеп өміріне белсінділігін арттыруда тигізер пайдасы мол. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясында білім алатын 6 сынып оқушыларынының  әкелелері   басқосты. «Бір әкенің тәрбиесін 100 мектеп бере алмайды» тақырыбында өткен кездесуді «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Павлодар облыстық филиалы ұйымдастырды.    
Шараға Павлодар облыстық филиалының директоры Хызыр Жанарыс,  Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Серік Балықбайұлы, Шерхан Жұмабекұлы қатысты.

15.02.2022
#Павлодар
«БІР ӘКЕНІҢ ТӘРБИЕСІН 100 МЕКТЕП БЕРЕ АЛМАЙДЫ»