БІРЛЕСТІКТІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮCТЕЛ ӨТТІ

«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалында Тараз қалалық ата-аналар комитеттерінің төрайымдарының қатысуымен дөңгелек үcтел өтті.

Жиын барысында «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының басшысы Мақсат Тауыпалдыұлы қоғамдық бірлестіктің мақсатымен және атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттарымен таныстырды. Республикалық қоғамдық бірлестіктің мүшесі болуға және өзара ынтымақтастық пен бірлікте жұмыс жасауға шақырды.

Тараз қалалық ата-аналар комитеттерінің төрайымдары қоғамның дамуы үшін әр ата-ананың ұрпақ тәрбиесіндегі рөлінің өте маңызды екенін атап, ұтымды ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, ата-аналарға да, балаларға да психологиялық тренингтерді көптеп ұйымдастыру, балалар телефон мен компьтерге уақыттарын зая кетірмес үшін өнер, қолөнер және спорттық үйірмелер мен секциялар ашып, қызығушылықтарын арттыру, ата-аналарға жан-жақты қолдау көрсету, қоғамдық жұмыстарды белсенді түрде атқару арқылы өзекті мәселелерді шешуге атсалысу.

Қаладағы жалпы білім беретін мектептерде жүргізуге болатын іс-шаралардың тізімі дайындалды. Сонымен қатар, «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы мен Тараз қалалық ата-аналар комитеті арасында іс-шаралардың ортақ жоспарын жасау мәселесі жолға қойылды.

11.02.2022
БІРЛЕСТІКТІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮCТЕЛ ӨТТІ