#Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА - ОҚИТЫН ҚАЛА

20 қыркүйек күні Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Қала күні мерекесі аясында «Қызылорда – оқитын қала» кітап фестивалі өтті.  

Қоғамның интеллектуалды әлеуеті мен мәдени құндылықтарын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру мақсатын дәріптеген дәстүрлі шараға «Сенімен Болашақ» РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиалы белсенді түрде қатысты.

Шара аясында республикалық және жергілікті баспалардың қатысуымен кітап көрме-жәрмеңкесі қойылып, оның ішінде бірлестік басып шығарған кітаптар келушілер назарына ұсынылып, оқырмандар кітаптарды өз бағасында алуға мүмкіндік алды.

Бірлестік филиалы фестиваліге белсенді қатысқаны үшін қала әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Кітап мерекесі «Жыр толғаған Сыр елі» әдеби-сазды кешіне ұласты.

20.09.2023
#Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА - ОҚИТЫН ҚАЛА