#Астана
ҰСТАЗЫ МЫҚТЫНЫҢ - ҰСТАНЫМЫ МЫҚТЫ

№9 Зерде мамандандырылған мектебінің шарқыртуымен «Сенімен Болашақ» РҚБ Астана қалалық филиал басшысы мектеп ұстаздарына семинар өткізді.

Семинарға аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары пән мұғалімдері, сынып жетекшілері қатысты.

Семинар барысында ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастық, сынып жетекшілердің қызметіндегі бірқатар мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Қатысушы ұстаздар 3 топқа бөлініп, спикер Шерхан Жұмабекұлы ұсынған қызықты тапсырмалар арқылы әртүрлі инсайттар алып, жұмыс барысында қажет болатын түрлі дағдыларды меңгерді.

Сонымен қатар семинар барысында «Сенімен Болашақ» РҚБ тарапынан ата-аналар академиясының мазмұнын толықтыратын басты бағыттары мен оқыту формасы түсіндірілді.

 

28.09.2023
#Астана
ҰСТАЗЫ МЫҚТЫНЫҢ - ҰСТАНЫМЫ МЫҚТЫ