#Қызылорда
ҚАЙЫРЛЫ КҮН, ҚЫЗЫЛОРДА БАҒДАРЛАМАСЫНДА

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы мен психологы

Сымбат Абдрахманова «Qyzylorda» телеарнасында «Қайырлы күн, Қызылорда» бағдарламасында сұхбат берді.

Сұхбат облыстық телеарнаның бас ғимаратында тікелей эфирде өткізілді. Филиал қызметкерлері эфирке арнайы шақыртумен келді.

«Қайырлы күн, Қызылорда» бағдарламасының барысында саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар, педагогтар мен психологтарға, мемлекеттік қызметшілерге өткізілген семинар-тренингтер туралы ақпараттар берілді.

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы 2023 жылы атқарылатын жұмыстарға ерекше тоқталып, кішігірім талдау жұмыстарын жасады. Барлық экран артындағы көрермендерді және ата-аналарды біздің қатарды толықтыруға, бізбен бірге іс-әрекеттерді жасауға шақырды.

31.05.2023
#Қызылорда
ҚАЙЫРЛЫ КҮН, ҚЫЗЫЛОРДА БАҒДАРЛАМАСЫНДА