#Павлодар
ҚАТЫСУШЫЛАР ЖЫЛЫ ЛЕБІЗІН БІЛДІРДІ
Бірлестіктің Павлодар облыстық филиалы Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің ата-аналарына арналған «Отбасылық құндылықтарды дәріптеу» атты семинар-тренинг өткізді.
Тренинг барысында отбасылық құндылықтар сарапталып, ашық түсіндірілді. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы жайлы сөз қозғалды.
Филиал психологы Жанар Теміржанқызы ата-аналарға арнап психологиялық денсаулық тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында тек қана денсаулық туралы емес, сонымен қатар, отбасы құндылықтары да сөз болды. Іс-шара «әрқашан, ешқашан» интереактивімен басталды. Интерактивте қатысушылар бір-біріне жылы лебізін білдірді. Ата-аналар психологқа сұрақтарын қойды.
05.10.2023
#Павлодар
Поделиться
Ұсынамыз