Бірлестік шалғайдағы ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, семинар-тренинг өткізуге басымдық беріп келеді. Сондай іс-шараның бірі Павлодар облысындағы Кемеңгер ауылының Кемеңгер мектебінде өтті. «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбына арналған жиынға бастауыш сынып ата-аналары қатысты.
Бүгінде булинг пен кибербуллинг әлемде кеңінен етек алып отыр. Мектептегі қысым, ақша бопсалау, ұрып-соғу секілді мәселелер елімізде де бар екені жасырын емес. Сонымен қоса қазір – ғаламтор дәуірі. Ондағы бей-берекет ақпарат тасқыны ұрпақтың санасын улап, кибер алаяқтықтың құрбаны болып жатқандар қаншама.
Аталған мәселелерді ескерген «Сенімен Болашақ» РҚБ булинг және кибербуллингтің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Семинарда ата-аналарға балаларының әлеуметтік желісін үнемі бақылауда ұстау қажет екені атап айтылды. Буллинг және кибербуллингтің қаупі кеңінен түсіндіріліп, баланың қауіпсіздігі үшін қажетті кеңестерді айтып берді. Ата-аналар психолог маманға сұрақтарын қойды.