#Қызылорда
ҰЛАҒАТТЫ ЖАНДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН ПОЭЗИЯ КЕШІ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстазым – ұлағатым!» атты поэзия кеші өтті.

Кеште аймақтағы ақындар мен белсенді жастар ұстаздар қауымына арнап өздері шығарған өлеңдерді орындап, ақын-жазушылардың шығармаларынан үзінділерді оқып берді.

Қоғамда ұстаздардың мәртебесін арттыруды көздеген, мұғалім мәртебесінің маңызы зор екендігін мақсат тұтқан поэзия кешінде қатысушыларда өз белсенділіктерін көрсетіп, ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетіп жатты.

Сондай-ақ шара барысында бірлестіктің мақсаты мен миссиясы, атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпараттар берілді.

06.10.2023
#Қызылорда
ҰЛАҒАТТЫ ЖАНДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН ПОЭЗИЯ КЕШІ