#Қызылорда
«ҰСТАЗЫМ - ҰЛАҒАТЫМ» МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ АКЦИЯСЫ

«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен 5 қазан – Ұстаздар күні мерекесіне орай «Ұстазым – ұлағатым!» атты мерекелік құттықтау акциясы өтті.

Акция барысында қала тұрғындарына ұстаздар туралы ұлы тұлғалардың айтып кеткен ұлағатты сөздері жазылған құттықтау қағаздарын  филиалдың жанашыр жастарымен бірлесіп таратылды.

Акцияға қатысқан әрбір қала тұрғыны ұстаздарына деген мерекелік лебіздерін білдіріп, мектеп қабырғасындағы бастан өткізген қызықты сәттерімен бөлісті.

Мереке аясында керемет көңіл-күй сыйлап, балалық шақты еске түсіруге себепкер болған бірлестік филиалының ұжымына, ұйымдастырушыларға қала тұрғындары зор алғыстарын білдірді.

05.10.2023
#Қызылорда
«ҰСТАЗЫМ - ҰЛАҒАТЫМ» МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУ АКЦИЯСЫ