#Қызылорда
ЕРЕКШЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен аймақтағы Ғ.Мұратбаев атындағы №171 орта мектебінің бірінші сынып оқушыларына және ата-аналарына ерекше форматтағы семинар-тренинг өтті. 

Өз кезегінде филиал психологы Сымбат Нұртазақызы ата-аналар мен оқушыларға бірлестікті таныстыра отырып, ұйымның басты миссиясы қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру екенін айтып өтті. 

Семинарда бірлестік психологтары Сымбат Нұртазақызы мен Жұмакүл Тасболатқызы мектеп табалдырығын енді аттаған оқушыларға арнап тренинг өткізіп, адаптациялық кезеңнің маңыздылығына тоқталды. Бұл кезеңді бала  жеңіл өткізу үшін түрлі форматтағы практикалық жаттығуларды жүргізді. Сонымен қатар қатысушылармен кері байланыс жасалынып, ата-аналардың сұрақтарына жауаптар берілді. 

06.10.2023
#Қызылорда
ЕРЕКШЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ