#Қызылорда
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ АТА-АНАЛАРЫ БАС ҚОСТЫ
Қызылорданың Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Балалардың репродуктивті тәрбиесін ерте жастан қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өтіп, оған бірлестіктің Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы мен бірлестік психологы Сымбат Нұртазақызы қатысты.
Бірлестік өкілдері алдымен семинарды ер және қыз балаларға жеке өткізіп, тақырып бойынша ақпарат берді. Маңызы зор кездесу ата-аналармен жалғасты. Семинарды Шәкизат Қаратайұлы жүргізіп, отбасы институтын нығайту тақырыбын қозғады. Ал Сымбат Нұртазақызы қатысушыларға жас ерекшелік психологиясы, бала тәрбиесі жайлы айтып, бала тәрбиелеп отырған аналарға арналған арнайы практикалық жаттығулар жасады.
05.10.2023
#Қызылорда
Поделиться