#Астана
«СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНДА

Тайтөбе ауылында «Саналы ата-ана болу өнері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Жиында «Сенімен Болашақ» РҚБ-ның өкілі Самал Жарова қатысушыларға бірлестіктің мақсатын таныстырып, атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды. Семинарда отбасында туындайтын негізгі мәселелердің шешу жолдарын ұсынып жүрген белгілі психолог Ержан Мырзабай тренинг өткізді.

Тайтөбе ауылының әкімі Парасат Досмағанбетов қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыруды мақсат еткен бірлестікке алғыс білдіріп, бірлестік жұмысына сәттілік тіледі.

30.04.2022
#Астана
«СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» ТАЙТӨБЕ АУЫЛЫНДА