#Солтүстік Қазақстан
БАЛАМЕН СЫРЛАСУ АРҚЫЛЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ

 «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының психологы Жазира Баукенова  И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінде «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбында ата-аналар жиналысына спикер ретінде қатысты.

Психолог Жазира Алтайқызы ата-аналарға буллинг және кибербуллинг дегеніміз не, оның түрлері мен алдын алу, салдары туралы баяндап берді. Бірінші кезекте, кез келген ата-ана баласымен ашық және жиі сөйлесіп тұруы қажет. Буллинг тақырыбында көбірек сөйлескен жағдайда ғана баланың қысымға ұшырағанын не қатарластарынан көргенін айта алады. Баладан  уақытын қалай өткенін, интернетте не істейтінін сұрап тұру керек екенін айтты. Тек сабақ үлгерімі емес, баланың сезімі, қатарластарымен қарым-қатынасы жайлы да сөйлесу қажет. Және де ата-ана баласы үшін үлгі болуы қажет. Балаға айналадағы адамдармен қалай дұрыс қарым-қатынаста болу керегін, қысым көрген адамды қолдауды үйретсе, оның мейірімді және өзгелерді құрметтеп өсетінін ескеру керектігі туралы айтылды.

13.10.2023
#Солтүстік Қазақстан
БАЛАМЕН СЫРЛАСУ АРҚЫЛЫ БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ