Бірлестіктің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Жанат Мұхамеджанов «AMANAT» партиясы өңірлік филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесі отырысында баяндама жасады.
Отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы талқыланды.
Жанат Мұхамеджанов Жолдауда Президент қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударғандығын жеткізді. Бұл туралы Президент Ұлттық құрылтайда да өз баяндамасында айтқан болатын. Облыста жасөспірімдер тарапанын жасалынған бұзақылық әрекеттер және ата-аналық міндеттерін атқармай отырғандар туралы ақпарат берді. Құқық бүзушылық әрекеттердің себебі отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігі. Осы мақсатта біздің қоғамдық бірлестіктің атқарып жүрген іс-шаралары туралы ақпарат беріп, осы жұмысты бірлесе атқаруға шақырды.
