Екібастұз қаласында ата-аналарға арналған «Эмоционалды және коммуникативті интеллекті дәріптеу» атты семинар-тренинг өтті.
Бала тәрбиесі - ата ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршаға мәлім. Осы орайда «Сенімен Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының басшысы Хызыр Жанарыс тренинг барысында ата аналарға бірнеше кеңестер беріліп, пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Филиал психологы Жанар Теміржанқызы ата-аналарға тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбында орыс аудиториясына тренинг өтті. «Сенімен Болашақ» жанашыры Төлеген Магауов ата-аналар алдында «Сенімен Болашақ» миссиясымен таныстырып, осы кезге дейінгі атқарылған жұмыстар жөнінде қысқаша айтып өтті.
Ата-аналар көкейдегі сұрақтарына жауап алып, осындай кездесулер жиі болса екен деген ұсыныстарын айтып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.