«Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастардың психикалық денсаулығы және суицидтің алдын алу» тақырыбындағы аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының психолог мамандарына арналған екікүндік оқыту-семинары өтті.
Семинар барысында қатысушыларға саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-ана мен бала қарым-қатынасы, бала психологиясы, психологиялық-педагогикалық дағдылар, суицидтің алдын алу туралы ақпараттар беріліп, тақырыптық топтық және жұптық тапсырмалар орындалды.
Қатысушылар семинарға белсенді қатысып отырды. Әр тәжірибе сайын өздерінің пікірлерін ортаға салып, балаларының бойында болып жатқан құбылыстар жайлы кеңестер сұрады. Әрбір қатысушы баламен қарым-қатынастың үлкен рөлге ие екенін, олармен әркез дұрыс байланыс орнату қажет екенін ұғынды.