#Қостанай
МАХАББАТ ДЕГЕН НЕ?

Қостанай облыстық филиалы «Алғашқы махаббат» тақырыбында Алтынсарин ауданының Свердловка жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларына семинар сағатын ұйымдастырды.

Филиал басшысы Гүлжан Алпысбаева бірлестік миссиясын, оның мақсаттары мен міндеттерін, оқушыларға семинар уақытында түсіндіріп өтті. Филиал психологы Базаркуль Капарқызы балалармен бірге «Алғашқы махаббат» тақырыбын қарастырды.

Алғашқы махаббат – сөзбен жеткізуге болмайтын, тек қана «көзбен көріп, ішпен білетін» ерекше сезім. Әрине, барлық адамда алғашқы махаббат болады. Алғашқы махаббат мектеп қабырғасында қалыптасады. Махаббат – адамның ұлы сезімі. Ол сезім адамға болсын, ол сенім, отанға болсын, халқыңа болсын ерекше сезім.

Махаббат − адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. Бұл сезім екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі, өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Адамның алғаш көрген кезіндегідей алғашқы махаббат әрқашан ұмытылмас болады, өйткені бұл бірінші рет.  Махаббат өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры және адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жай-күйі.  

Семинар уақытында психолог балалармен ашық диалог аланың орнатты, толғандыратын сұрақтарына жауап берді. Балалар «махаббат дегеніміз не?» сұрағына бір – бірден жауап берді.

07.06.2023
#Қостанай
МАХАББАТ ДЕГЕН НЕ?