#Алматы
ПСИХОЛОГТЫҢ БІЛІКТІЛІГІ – ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУДА

Соңғы жылдары  психология адамдардың өмірі мен қызметінің барлық дерлік салаларын қамтып отыр. Өйткені қазіргі уақытта  жаңа үлгідегі білім мен тәрбие беру ісінде елеулі өзгерістер орын алып, педагог-психологтың жұмыс сапасының маңыздылығы артып келеді. Осыны ескерген «Сенімен Болашақ» РҚБ Алматы қалалық филиалы  қаладағы білім мекемелеріндегі психолог мамандардың басын қосып, семинар-тренинг өткізді. 200-ден астам маманға коуч-тренер, психотерапевт, БҰҰ ұлттық сарапшысы, «Әлем елшісі» атағының иегері, көпжылдық тәжірибесі бар білікті маман Сабитова Сағадат Ташболатқызы дәріс оқыды. Қазақ  Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінде өткен басқосу үш сағаттан астам уақытқа созылды. «Білім саласындағы нейролингвистикалық бағдарламалау» тақырыбында өткен дәрісте жиналғандар сұрақтарын қойып, ойындар ойнап, керегінше ақпарат жинады. «НЛБ адамдардың мінез-құлық үлгілеріне сүйене отырып әрекет етеді. Жеке адамның қоршаған ортаны қабылдауын өзгерте алады. Сондықтан психолог мамандар болашақта ата-анамен жұмыс істегенде қандай жайттарды ескеру керектігін жете түсіндіруге тырыстым», - дейді тренер Сағадат Ташболатқызы. 

19.05.2022
#Алматы
ПСИХОЛОГТЫҢ БІЛІКТІЛІГІ – ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУДА