Бірлестік алғашқы жылы ата-аналар, балалар, психологтар, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар сияқты мүдделі тараптармен төрт бағытта жұмыстарды іске асырса, екінші жылы бірлестік сарапшылық деңгейге өтті. Әр өңірдің өзіндік металитеті, көзқарасы мен түсінігі бар. Осыған орай бала тәрбиесіне қатысты ең өзекті деген мәселені анықтап, шешімін табуға жұмыс істеуді басты міндет етіп алды. Аймақтағы өзекті проблемаларды шешуде сарапшылар көмегі керек.
Осы мақсатта Көкшетауда Ақмола облыстық филиалы сарапшыларының дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелде сарапшылар өздерін танысып, атқаратын қызметтері туралы айтып берді.
Жиында филиал директоры Нұрмағанбетова Айгүл Қайратқызы сарапшыларға бірлестіктің бүгінге дейін атқарылған жұмыстары туралы айтып берді. Сонымен бірге №2 мектеп-лицейінің оқушыларына «Заманауи жасөспірім» тақырыбында өткен пікір сайысқа қатысқаны үшін грамоталар табыстады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сарапшылармен одан әрі өзара ынтымақтастықта жұмыс жасайтын болады.